Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің бұйрығы

Спорт және дене шынықтыру саласында Қазақстан Республикасын Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық комитетіне, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығына, Қазақстан Республикасының этноспорт қауымдастығына, спорт түрлері бойынша республикалық федерацияларға, барлық спорттық ұйымдарға; облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы әр-түрлі ауқымдағы (түрлі деңгейдегі) барлық спорттық іс-шараларды өткізбеуге және отандық спортшылардың өзге елдерге халықаралық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына шығуына тыйым салу ұсынылсын.