2020 жылдың 20-23 ақпан аралығында Манчестерде пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогы өтті. Оған әлемнің 25 мемлекетінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының намысын Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының 6 спортшысы қорғады. Олар жалпы 5 медаль ұтып алды: 3 – «алтын» және 2 – «күміс».
Гүлім Құрманбаева (45 кг дейін) – ересектер арасында «алтын»;
Ерболат Кәрібай (49 кг дейін) – юниорлар арасынла «күміс»;
Захар Буймов (54 кг дейін) – юниорлар арасынла «алтын», ересектер арасында «күміс»;
Максим Тен (59 кг дейін) – юниорлар арасында «алтын».
Келесі кезекте Паралимпиадаға лицензия ойнатылатын пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы (Fazza-11) «Токио жолы 2020». Жарыс сәуір айында Дубайда өтеді.