13 қазан күні Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында Blind Football (көру қабілеті бұзылған адамдар үшін 5*5 футбол) бойынша ұлттық ұлттық паралимпиялық құраманың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге ҚФФ Президенті А.Р. Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Калетаев және ҚР ҰПК Президенті Қ.Боранбаев қатысты. ҚФФ мен ҚР ҰПК арасында футболдың осы түрін бірлесіп дамыту туралы келісім бар.

Зағиптарға және көзі нашар көретін адамдарға арналған футболды дамыту жобасы «Қайрат» ФК-да 2018 жылы іске қосылды. Біздің елде футболдың аталмыш түрін дамыту әлеуеті әбден жоғары. Сонымен қатар әр қалада немесе аймақтарда зағиптар қоғамдары және осы категориядағы әртүрлі білім беру мекемелері бар, олар спортпен, әсіресе футболмен айналысуға қызығушылық танытады. Соқыр футболды дамытудың негізгі мақсаты - көру қабілеті бұзылған адамдарға қоғамға бейімделуге және әлеуметтік оқшауланудан шығуға, бақытты өмір сүруге көмектесу.