Лагерь аясында Оңтүстік Корея Паралимпиадалық комитеті ауқымды бағдарлама ұйымдастырды, техника, төзімділік және түрлі шеберлік сабақтарын өткізді. Бағдарлама нәтижесінде Кенжебек Диас лагердегі ең жылдам жүзуші ретінде алтын медальмен марапатталды, барлық қатысушылар кәдесыйлар мен сертификаттар алды. Жабылу салтанатына Оңтүстік Кореяның спорт министрі, жүзу федерациясының президенті, түрлі елдерден келген спортшылар мен жаттықтырушылар да қатысты. Осындай халықаралық оқу-жаттығу жиындары спортшылардың көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді, жаттықтырушыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жас спортшыларымызға алдағы барлық бастамаларда сәттілік пен сол жарыстарда әрқашан жеңіл су болуын тілейміз!