2019 жылғы 28 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында отырып ойнау волейболынан Қазақстан Чемпионаты өтті. Жарысқа Шымкент, Тараз, Атырау, Орал, Қызылорда және Ақтөбе командалары қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Атырау командасы жеңімпаз атанып, II орынды Қызылорда командасы, III орынды Ақтөбе командасы жеңіп алды.

Чемпионат нәтижесі бойынша ұлттық құраманың ойыншылары іріктеледі. Еске салайық, Қазақстан құрамасы Тайландта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды және 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарға жолдама алуға үміткер ретінде қаралады.