Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

🥇 Жұрқамырза Шүкірбеков — J2, +95 кг

🥈 Аяла Мереке — J2, -70 кг

🥈 Бексұлтан Құлмырза — J2, -81 кг

🥉 Жанбота Аманжол — J2, -95 кг

🥉 Зарина Райфова — J2, +70 кг

🥉 Бағланбек Оналбек — J1, +95 кг



Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын:

🥇 Альфия Тілекқабыл — J1, -52 кг

🥈 Асылан Нұрдәулетов — J1, -70 кг

🥉 Ибрагим Нұрмаханұлы — J2, -70 кг

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жекелей жарыстарында жалпы 9 медаль — 2 алтын, 3 күміс және 4 қола жеңіп алып, командалық есепте үшінші орын иеленді.

Бірінші орында — Бразилия (3 алтын, 5 күміс, 2 қола), екінші орында — Қытай Халық Республикасының құрамасы (3 алтын, 1 күміс, 4 қола). Әлем чемпионатына 44 елден 290 спортшы қатысуда.

27 қыркүйекте қазақстандық спортшылар командалық жарыста бақ сынайды.

Дереккөз: Паралимпиадалық дзюдо федерациясы РҚБ