24–29 шілде аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында Novi Sad 2026 World Shooting Para Sport World Cup турнирі өтті. Жарысқа 51 елден 291 спортшы қатысып, маусымдағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналды.



Қазақстан құрамасының намысын 17 спортшы қорғап, жеке және командалық жарыстарда бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. R1 (ерлер, 10 м, пневматикалық тапанша) дисциплинасында Александр Пасхалиди жеңімпаз атанып, спорттық мансабында алғаш рет Әлем кубогының чемпионы атанды.

R1 дисциплинасы бойынша командалық жарыста Еркин Габбасов, Ардак Оторбаев және Арсен Муратов күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы P2 (10 м, пневматикалық тапанша) дисциплинасы бойынша командалық жарыста Севда Алиева, Айсулу Мукашбекова және Жулдыз Бухарбаева тағы бір күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы R2 (10 м, пневматикалық винтовка) дисциплинасы бойынша командалық жарыста Анна Довгелевич, Айгерим Тулегенова және Улболсын Куссаинова қола жүлдегер атанды.



P6 (10 м, пневматикалық тапанша, аралас командалық жарыс) дисциплинасында Айсулу Мукашбекова мен Александр Пасхалиди қола медаль жеңіп алды.