Кеңеске ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Бас хатшысы Олжас Ақпамбетов қатысты.
Жиын барысында ұлттық құрамалардың Харбинде өтетін биылғы қысқы Азия ойындарына, сондай-ақ 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода ұйымдастырылатын XXV қысқы Олимпиада және XIV қысқы Паралимпиадаға дайындық мәселелері талқыланды. Спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаттығу жүйесін жақсартуға және спортшылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға баса назар аударылып, елімізде қысқы спорт түрлерін одан әрі дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттілігі айтылды.