Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті 2002 жылы құрылды. ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым бола тұра, төмендегідей халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады:
- Халықаралық паралимпиада комитеті
- Азиялық паралимпиада комитеті
- Пара волейболдан халықаралық ұйым
- Ампутанттар мен арбадағы мүгедектердің халықаралық федерациясы
- Соқырларға арналған халықаралық спорт федерациясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті - қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде жоғарыда аталған халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен өткізілетін Паралимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитетінің негізгі міндеттері:
- Паралимпиадалық қозғалыс қағидаларын насихаттау, паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктер мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ықпалын тигізу;
- Халықаралық Паралимпиада Комитетінде, Паралимпиадалық ойындарда және басқа халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
- Паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізу;
- мүгедектігі бар спортшылардың Паралимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына жәрдемдесу.