21 қазанда Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты.

«Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорт классын растады. Спортшылардың классы паралимпиадалық спортта шешуші рөл атқарады, бұл барлық қатысушылар үшін әділ жарыстарды қамтамасыз етеді. Енді біздің алдымызда бағалы медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Осы Ханчжоу-2022 пара ойындарына еліміздің тарапынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады, бұл Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биылғы жылы одан да көп медальдар әкелеміз деп үміттенеміз», - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Біздің серіктестеріміз – «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы мен «Sportqory» Туризм және спорт саласын қолдау қоры» корпоративтік қорына маңызды қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз! @samrukkazyna_official @sportqory