Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бейжің қаласындағы XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович, Коломиец Василий Сергеевич «Құрмет» орденімен марапатталды.

Айта кетсек, XIII қысқы Паралимпиада ойындары Бейжің қаласында 4-13 наурыз аралығында өтті. Паралимпиада ойындарында 50 мемлекеттен келген ең үздік 700 ден астам спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 5 спортшы ұлттық Паралимпиада құрамасына кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин и Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылары екі спорт түрі бойынша өнер көрсетті: пара биатлон және пара шаңғы. Отандасымыз Александр Герлиц 10 км шықырымда пара биатлон спорт түрінен жарысқа қатысып, «қола» алқаға ие болды.