Пара садақ атудан ұлттық құрамамыз Дубайдағы Fazza халықаралық рейтинг турнирінен оралды.

Пара садақ атудан ұлттық құрамамыз Дубайдағы Fazza халықаралық рейтинг турнирінен оралды. Онда 11 елдің спортшылары жарысты. Қазақстан атынан Александр Медведев, Төлебек Сәрсенбек, Әбдіғани Айқынбаев, Вячеслав Гузев, Қайратбек Толымбеков, Сағдат Дүйсембаев, Қайрат Сарқұлов, Айбек Есқараев, Александр Рябов және Дмитрий Кудин қатысты.

«Бұл жарыста біз өз деңгейінде жаттығу өнерімізді көрсете алмай қалдық. Бұның бір себептері үйде 18 м қашықтықта атамыз, ал Дубайда 50 м қашықтық, оған адаптация керек болды. Осы жағдайда психологтың жәрдемі болды. Ауа-райы да кедргі келтірді. Соған қарамастан, спортшыларымыз классикалық садақтан Саркулов Кайрат, компаундтан Александр Медведев жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен жарыс бізге үлкен сабақ болды. Енді Талғар қаласында оқу-жаттығу жиындарымыз өтіп жатыр, сонымен қатар наурыз айының аяғында пара садақ атудан ҚР Чемпионаты өтеді. Алдағы Чехиядағы турнирге бар күш-жігерімізді салып, квота емес, лицензия ұтып алуға жоспарлап отырмыз», - деді пара садақ атудан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы.

ПТР тестілеу «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының демеушілігі арқасында жүзеге асырылды
ҰПК бас серіктесі АО «Самұрық Қазына»
Спортшылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шараға қатысты.