Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай бейне байқау жариялайды!

Іс-шараның мақсаты – еліміздегі инклюзивті қоғамды дамыту және паралимпиадалық қозғалысқа қолдау көрсету.

Байқауға 16 жасқа толған кез келген адам, жаңадан бастап жүрген және тәжірибелі режиссер қатыса алады. Қатысу үшін мүгедектігі бар спортшылар туралы 1 минуттан кем болмайтын және 3 минуттан аспайтын видео түсіру қажет.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады:

  • 1 орын - 300 мың теңге
  • 2 орын - 200 мың теңге
  • 3 орын - 100 мың теңге
  • Үздік сценарий үшін сыйлық - 50 мың теңге
  • Креативті монтаж үшін сыйлық - 50 мың теңге

Байқаудың жеңімпаздары кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі арқылы таңдалады, олардың құрамы ҚР ҰПК басшылығы, серіктестері, демеушілері арасынан құрылады.

Қатысушылардың жұмысы тақырыпты ашу, өзіндік ерекшелігі, актерлік шеберлігі, монтаж критерийлері бойынша бағаланады:

Бейне жұмыстар 28 қарашаға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына «Бейне байқау» тақырыбымен қабылданады. Хатта автордың толық аты-жөні, видеоның атауы және байланыс нөмірін көрсету керек.

Сондай-ақ, барлық бейнелер қатысушылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында #видеоконкурсказпаралимпикс хештегімен жариялануы керек.

Нәтиже, 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні, ҰПК сайтында және ұйымның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. Конкурсқа қатысатын видеороликтер алдын-ала жарияланбауы, жаңадан түсурілуі тиіс.