Ерғали Шамей IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды

J1 санаты бойынша сынға түскен пара дзюдо шебері Ерғали Шамей (73 кг) жартылай финалдық белдесуде Индонезия спортшысы Рафли Анаф Шидкиді таза жеңіп, финалға жолдама алды.

Дәл осы салмақта сынға түскен тағы бір жерлесіміз Асылан Нұрдәулетов (73 кг) Өзбекстан спортшысы Шохрух Мамедовпен белдесті. Өзбек дзюдошысы Шохрухпен өткен тартысты белдесуде, отандасымыз 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан I

V пара Азия ойындарының финалында екі қазақ пара спортшысы кездеседі. Нәтижесінде, Ерғали Шамей Азия пара ойындарының чемпионы атанды.

Ал Нұрдәулетов Асылан IV пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Выражаем благодарность нашим партнерам - АО «ФНБ Самрук Қазына» и Корпоративному Фонду «Фонд поддержки индустрии туризма и спорта «Sportqory» за их важную поддержку! @samrukkazyna_official @sportqory