Елордада Қазақстан ҰОК Бас ассамблеясының отырысы өтті. Күн тәртібінде ҰОК негізгі басқару органдарын сайлау мәселелері қаралды деп хабарлайды Olympic.kz. Отырысқа Қазақстан ҰОК Қазақстан президенті Тимур Құлыбаев, ҚР Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов, сонымен қатар, ұлттық спорттық федерациялардың президенттері мен өкілдері қатысты.

ҚР ҰОК Жарғысының ережелеріне сәйкес, Бас хатшы және вице-президент лауазымдарына үміткерлерді ҰОК Президенті ұсынады. Отырыста Боранбаев Қайрат Советайұлы ҰОК паралимпиадалық спорт жөніндегі вице-президент лауазымына қайта сайланды.

Қазақстан Республикасы шаңғы тебу ұлттық ассоциациясының ЗТБ президенті Сүлейменов Диас Түлеутайұлы спорт федерациясының өкілі ретінде Атқару комитетіне мүше болып сайланды.