3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күні атап өтілді. Оған AGITOS халықаралық қорының «I’mPOSSIBLE» жобасына тартылған қаланың 6 мектебінен шамамен 80 бала қатысты. Оқушылар паралимпиада спорты туралы біліп, үстел теннисінен ҚР Чемпионы Мақсат Қыдыршамен кездесті.

Мерекеге орай 6-12 жас аралығындағы балалар арасында «Токио-2020 Паралимпиада ойындарындағы менің сүйікті спортым» тақырыбында суреттер мен шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды құру. Үздік суреттер мен шығармаларды мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады

«Үздік сурет» номинациясының жеңімпаздары:

1 орын – №10 мектебінің оқушысы Жаңбыршы Алиаскар

2 орын – №19 мектебінің оқушысы Қаратай Гаухар

3 орын – №10 мектебінің оқушысы Клюжев Андрей

«Үздік шығарма» номинациясының жеңімпаздары:

1 орын – №19 мектебінің оқушысы Сериков Диас

2 орын – №23 мектебінің оқушысы Амангельды Ибрагим

3 орын – №19 мектебінің оқушысы Яковлева Кристина

Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Паралимпиада Комитетінің

маркетинг департаменті

+7 701 999 41 92; 79-04-13 (ішкі 112)

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.